SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

ST СЕГМЕНТІНІҢ ЖОҒАРЫЛАУЫНСЫЗ ЖЕДЕЛ КОРОНАРЛЫҚСИНДРОММЕН ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ НАУҚАСТАРДАНЕЙТРОФИЛДЕРДІҢ ЛИМФОЦИТТЕРГЕ ҚАТЫНАСЫКӨРСЕТКІШІНІҢ БОЛЖАМДЫҚ МӘНІ

Авторлар

  • Диана Ыгиева Автор
  • Людмила Пивина Автор https://orcid.org/0000-0002-8035-4866
  • Гульнара Батенова Автор
  • Мейрамгуль Токбулатова Автор

DOI:

https://doi.org/10.34689/0j4hxb45

Кілт сөздер:

жедел коронарлық синдром , қарттар , нейтрофилдер , лимфоциттер , НЛҚ

Аңдатпа

Кіріспе. ST сегментінің жоғарылауынсыз жедел коронарлық синдроммен (ЖКС) шұғыл жәрдем бөліміне түскен
егде жастағы науқастар тобында біз жүректің ишемиялық ауруының (ЖИА) және кез-келген дәрежедегі сол жақ
қарыншаның систолалық дисфункциясының ауырлығын болжауда нейтрофилдердің лимфоциттерге қатынасының
(НЛҚ) рөлін зерттедік.
Мақсаты: егде жастағы науқастарда жүрек қантамырларының бір немесе көптеген зақымдануы және СҚ
дисфункциясы жағдайындағы ST сегментінің жоғарылауынсыз ЖКС ауырлығына НЛҚ болжамдық рөлін бағалау.
Әдістері: біздің зерттеуге 2019 жылдың қаңтар-маусым аралығында коронарлық ангиографиядан өткен, ST
сегментінің жоғарылауынсыз ЖКС бар ≥60 жастан асқан 106 науқас енгізілді. Зерттеудің негізгі тобына бір немесе
бірнеше эпикардиальды артериялардың немесе тармақтарының ауыр [> 50%] зақымдануы бар 56 пациент кірді;
салыстыру тобына коронарлық артериялардың ауыр зақымдануы болмаған, ЖИА бар 50 науқастар кірді. Зерттеу
топтарында негізгі клиникалық параметрлерді салыстыру жүргізілді, ал НЛҚ көрсеткіші жүректің ишемиялық ауруы
және кез-келген дәрежедегі сол жақ қарыншаның систолалық дисфункциясының ауырлығын болжау құралы
ретінде қызмет етті. Зерртеу дизайны - көлденең. Статистикалық өңдеу: IBM SPSS Statistics 20, зерттелген
сипаттамалардың таралуы мен сандық айнымалылардың сипаттамалық статистикасын бағалаудың дұрыстығы
анықталды. Сапалық айнымалылар абсолютті сандар және олардың пайызы түрінде ұсынылды.
Нәтижелер. Зерттеу топтарына енгізілген ST жоғарылауынсыз ЖКС бар науқастардың зертханалық және
аспаптық зерттеу нәтижелерін талдау нәтижесінде, негізгі топта миокард ұлпаларының ауыр ишемиялық
зақымдалуы байқалады, бұл эхокардиографиямен, тропонин деңгейін зерттеумен расталған, НЛҚ көрсеткіші де
салыстыру тобына қарағанда едәуір жоғары болған. Бұл негізгі топтағы адамдардың жүрек бұлшық етіндегі айқын
қабыну процетерін көрсетеді
Қорытынды: НЛҚ - қарапайым, жылдам және арзан параметр, ол ST сегментінің жоғарылауынсыз ЖКС бар
егде жастағы науқастарда ЖИА және сол жақ қарыншаның систолалық дисфункциясының ауырлығын болжай
алады.

Автор өмірбаяны

  • Диана Ыгиева

    магистрант 2 года обучения по специальности «Медицина» кафедры неотложной медицины, НАО
    «Медицинский университет Семей», г. Семей, Республика Казахстан. 

Әдебиеттер тізімі

Ыгиева Д.Г., Пивина Л.М., Батенова Г.Б., Токбулатова М.О. Прогностическое значение показателя отношения

нейтрофилов к лимфоцитам у пациентов пожилого возраста с острым коронарным синдромом без подъема ST //

Наука и Здравоохранение. 2020. 2(Т.22). С. 79-85. DOI 10.34689/SH.2020.22.2.009

Igieva D.G., Pivina L.M., Batenova G.B., Tokbulatova M.O. Prognostic value of the ratio of neutrophils to lymphocytes in

elderly patients with acute coronary syndrome without ST elevation // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare].

2020, (Vol.22) 2, pp. 79-85. DOI 10.34689/SH.2020.22.2.009

Ыгиева Д.Г., Пивина Л.М., Батенова Г.Б., Токбулатова М.О. ST сегментінің жоғарылауынсыз жедел коронарлық

синдроммен егде жастағы науқастарда нейтрофилдердің лимфоциттерге қатынасы көрсеткішінің болжамдық мәні //

Ғылым және Денсаулық сақтау. 2020. 2 (Т.22). Б. 79-85. DOI 10.34689/SH.2020.22.2.009

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-27

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

<< < 1 2 3 4 > >> 

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.